Brent маркалы мұнай бағасы тағы көтерілді

Brent маркалы мұнай бағасы тағы көтерілді
Cурет: Zakon.kz

Сағат 5:06-да Brent бағасы сауда деректері бойынша 130,3 долларға дейін көтерілді

Brent мұнайының құны барреліне 130 долларға жетіп, 2012 жылғы рекордтық бағадан асып түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

РИА Новости сайтының жазуынша, Нұр-Сұлтан уақытымен 5:28-дегі жағдай бойынша мамыр айындағы фьючерстер 9,35% өсіп, барреліне 129,06 доллар болды. Сәуірдегі WTI фьючерстері 9,68%-ға өсіп, 126,12 долларға жетті.

Сағат 5:06-да Brent бағасы сауда деректері бойынша 130,3 долларға дейін көтерілді, ал максималды мәні 130,89 доллар болды. Мұнайдың бұл маркасының тарихи максимумы 2008 жылы, баррелінің құны 143 доллардан асқан кезде тіркелген еді.