Түркістан облысында заңсыз ауланған жарты тонна балық тәркіленді

Түркістан облысында заңсыз ауланған жарты тонна балық тәркіленді
Cурет: pixabay.com

Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері заңсыз балық аулаудың 6 дерегін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл жайттар ҚР ҚК-нің 335-бабы  «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша тіркелді. Браконьерлерден 3 дана элетроқармақ,1500 метрден астам Қытай ау-торы, 8 қайық, 6 дана балық аулауға арналған шанышқы, 500 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар, Жетісай АПБ-ның табиғатты қорғау инспекторы мен балық қорғау инспекциясы қызметкерлері бірлесіп, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 5 тұрғынды анықтады. Табиғатқа зиян әкелген тұрғындарға ҚР ӘҚБТК-нің 383-бабымен 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Анықталған тұрғындардан қолдануға тыйым салынған 5 дана шанышқы (острага) алынды»,-делінген хабарламада.