Бразилиялық нокаутер Фалькао Жәнібек Әлімханұлын жекпе–жекке шақыруда

Бразилиялық нокаутер Фалькао Жәнібек Әлімханұлын жекпе–жекке шақыруда
Сурет: Inbusiness.kz

Орта салмақтағы бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) WBO әлем чемпионы атанған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 KO) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақ стилі» лақап атымен танымал Ж.Әлімханұлына Э. Фалькао Twitter-де жазба қалдырып, кездесу өткізуді ұсынды.

«Енді сен нағыз чемпион атанған кезде белдігіңді тартып ала аламын. Кеттік, чемпион», — деп жазған ол постта Top Rank промоутерлік компаниясының аккаунтын белгіледі.

Оған қазақ боксшысы жауап берді.

«Менімен жекпе–жекке шыққың келсе, алдымен чемпион болуың керек. Сонда ғана сөйлесерміз. Маған чемпиондық атағы жоқ боксшылар қызық емес. Мен сені құрметтеймін, бірақ бокс әлемінде сенің атың шықпаған. Мен Чарломен, «Канеломен» айқасқа түскім келеді!», - деді Жәнібек.