Коронавирусқа шалдыққан 18 науқас ауыр жағдайда

Коронавирусқа шалдыққан 18 науқас  ауыр жағдайда
Сурет: Delfi.it

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

29 тамыздағы дерек бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 18 425 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирустан – 18 074 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 351 (КВИ-).

573 пациент стационарда жатса, 17 852 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

- 18 адамның жағдайы ауыр,

- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.