Бостандық ауданында 10 ойын алаңы салынады

Бостандық ауданында 10 ойын алаңы салынады
Сурет: Gov.kz

Жобалар «Халық қатысатын бюджет» аясында жүзеге асады 

2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 800 млн. теңге сомасына 21 жоба іске асырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Осы бағдарлама аясында биыл тұрғындардың өтінімдері бойынша 17 жоба іріктелді. 6 қоғамдық кеңістік жабдықталады, 10 спорт және ойын алаңы салынады. Сондай-ақ жерге көмілген 1 контейнер алаңы орнатылады. Іске асыру мерзімі – 2023 жылдың мамыр-тамыз айлары», - деді бүгінгі кездесуде қала әкімі Е. Досаев.