Санжар алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Санжар алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Сурет: Еgemen.kz

Біздің батыр топ жаруда.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатын Санжар Тәшкенбай жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы күндері Дубайда бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жастар арасындағы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатын сәтті бастады. Ол алғашқы кездесуінде тәжікстандық Мехрод Заидовты жеңді. 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз екінші раундта қарсыласына ауыр соққы жасады.

Нәтижесінде, қарсыласының жарақат алуына байланысты төрешілер жекпе-жекті екінші раундтан тоқтатып, жеңісті Санжар Тәшкенбайға берді.