Бостандық ауданында 301 бейнебақылау камерасы орнатылады

Бостандық ауданында 301 бейнебақылау камерасы орнатылады
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Бейнебақылау жүйелері адамдар көп жиналатын орындарда (152 учаске), оның ішінде КТК аулаларында 260 бейнекамера, мектептер мен колледждердің жанында 21 қиылыстарда 21 денсаулық сақтау объектілерінде 10, сондай-ақ саябақтар мен скверлерде 8 орнатылады.

Бұл құқық қорғау органдарына нақты уақыт режимінде адамдар көп жиналатын жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың І тоқсанының соңына дейін жаңа АӨСШК бейнекамераларын (шамамен 700-800 бейнекамера) орнату үшін мекенжайлар тізімі дайындалады.

Көлік құралдарын жүргізу тәртібін арттыру үшін бүгінде 104 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені (792 бейнекамера) жұмыс істейді. 2023 жылдың I тоқсанында аудан көшелерін жаңа 96 "Сергек" АӨК-мен (541 бейнекамера) қосымша жабдықтау жоспарлануда.