Болгария билігі вакцинаның үшінші дозасын салуға рұқсат берді

 Болгария билігі вакцинаның үшінші дозасын  салуға рұқсат берді
Сурет: Aa.com.tr

Әлемдегі коронавирусқа қатысты жаңалықтар

 COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК әлемнің кей елдеріндегі коронавирусқа қатысты жаңалықтардан хабардар етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Дамыған елдерде орташа өмір сүру ұзақтығының рекордтық төмендеу көрсеткіші тіркелді. АҚШ-та, әсіресе, ер адамдар арасында көп байқалады: 2019 жылмен салыстырғанда 2,2-ге азайды. Зерттеу авторларының айтуынша, өмір сүру ұзақтығын арттырудағы барлық жетістіктер 2020 жылы жойылуға шақ қалды.

Таиланд Бангкок пен провинциялардың вакциналанған саяхатшылар үшін ашылуын қарашаға ауыстырды. 16 маусымда елдің Премьер-Министрі вакциналанған саяхатшыларға елге кіруге рұқсат берудің 120 күндік мерзімін белгіледі. Патшалықтың ашылуына бірден-бір себеп болып табылатын халықты толық вакциналауға уақыттың өте тығыз екендігін мәлімдеді.

 Болгария билігі вакцинаның үшінші дозасын үдеткіш (көмекші) ретінде салуға рұқсат берді. Вакциналау пункттерінде ұсынылатын препараттардың біреуінің екі дозасын алған азаматтардың жалпы саны 1,3 миллионнан асты, бұл халықтың шамамен 20% құрайды. Елде қазан айының соңына дейін төтенше эпидемиологиялық жағдай режимі ұзартылды.