Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 90 адам сауығып шықты

Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 90 адам сауығып шықты
Сурет: Liter.kz

Қауіпті дерт 7 адамның өмірін қиды

Coronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
26.09.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 90 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бері барлық ауырғандар саны - 75316, 4807 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 61792-ге жетті.