Болашаққа үреймен емес, үмітпен қарау қажет

Болашаққа үреймен емес, үмітпен қарау қажет
55-sadik.goroo-atyrau.kz

* Жақсылықты жақсы адам ғана бағалай біледі.

* Жүрегі таза, ниеті дұрыс адам еш уақыт өзгеден кір іздемейді.

* Кешірімді кісі ғана ірі адамға айналады. Өйткені, оның жүрегі кең, өрісі биік!

* Бірінші болып кешірім сұрау әлсіздікті білдірмейді.

* Кішірею дегеніміз – төмендеу емес.

* Адамның кемшілігіне қарамай сыйласа білу – нағыз адамдықтың белгісі.

* Егер жақсы өмір сүргің келсе, жақсы адамдарды ізде, ал жақсы адам тапқың келсе, жақсы сөйлеп, жақсылық жаса.

* Адалдық дегеніміз - ешкімге қиянат жасамай, таза еңбекпен күн көру.

* Басқалардың бақытына қуана білетін адам бір күні өзі де бақытқа жетеді.

* Сыйластық пен адалдық бар жерде үлкен махаббат пен шайқалмас шаңырақ орнығады.

* Ешқашан біреуді қарғап сілемеңіз, бұл – өте жаман қасиет.

* Ешқашан ешкімді қызғанбаңыз, Алла ризықты әркімге әрқалай нәсіп етеді.

* Адам қызғаныштан тез қартаяды, реніштен ауру пайда болады, ашушаң адам жүдегіш келеді.

* Ниет тілден емес, жүректен шығуы керек.

* Жүрек – мейірім мен махаббатың мекені.

* Адамды тәрбиелейтін қаталдық емес – мейірім.

* Ұйықтар алдында бәрін кешіріп, таза жүрекпен ұйықтаңыз.

* Кімде-кім көрсеткен құрметі үшін құрметтеледі.

* Қадірің – таптырмас байлығың, сондықтан қадіріңді кетірме.

* Кімнің кім екенін басыңа іс түскенде білесің.

* Жастар үлкендер алдында, үлкендер жастар алдында өздерін әдепті ұстағандары жөн.

* Әйелің ақылды болса – ағайын тыныш, күйеуің ақылды болса – жаның тыныш. Қызың ақылды болса – ауыл тыныш, көршің ақылды болса – көшең тыныш. Келінің ақылды болса – екі ел тыныш. Ұлың ақылды болса – әлем тыныш.

* Өткенді өкіну үшін емес, сабақ алу үшін еске алу керек.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

(Дереккөз: ашық интернет көздерінен алынды).