Импичмент жарияланған Перу президенті ұсталды

Импичмент жарияланған Перу президенті ұсталды
Сурет: Ашық дереккөз

Перудің бірінші вице-президенті Дина Болуарте сол елдің мемлекет басшысы ретінде ант қабылдады. Бұған дейін Конгресс депутаттары ел Парламенті Педро Кастильоға импичмент жариялаған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мәлім болғандай, депутаттар Кастильо мемлекет басшысының міндетін атқара алмағаны үшін оған импичмент жариялауға шақырған. Импичмент туралы ұсынысты негіздеуде Президент әрекетінде «жемқорлық белгілері» бар екені айтылған.

Әскерилер мен полиция Конгресті қолдады.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Кастильо ұсталған.