«Болашаққа» қазан айында су беріледі

«Болашаққа» қазан айында су беріледі
almaty-akshamy.kz

«Болашақ» шағын аудынының тұрғындары қазан айында сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі

Алматыда аудандық әкімдіктердің қызметтері кеңейген соң Алатау ауданында ұзындығы 295 км инженерлік желілерді төсеу жұмыстары басталды, деп хабарлады қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде.

«Алғабас» және «Шапағат» шағын аудандарында ауыз су және кәріз жүйелерін салу жұмыстары маусым айында басталды. Олар 2024 жылдың қазан айында аяқталады. Ал «Болашақ» шағын ауданында қазан айында абоненттер сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі.

«Сонымен қатар, «Саялы» шағын ауданында кәріз жүйелерін төсеу қараша айына дейін аяқтау жоспарланған. Тамызда «Теректі», «Рахат-Мәдениет» шағын аудандарында сумен қамту және кәріз желілерінің құрылысы басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады», - деді қала әкімі.