Бокстан ӘЧ: Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды

Бокстан ӘЧ: Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды
Сурет: Ашық дереккөз

Отандасымыз қарсыласын ұпай санымен ұтып, 1/16 кезеңге шықты

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстандық боксшы 1/32 финалда Израиль өкілі Ахмад Штивимен жұдырықтасты.

С.Төлтаев қарсыласын ұпай санымен ұтып, 1/16 кезеңге шықты.

Санатәлі 1/16 финалда маврикиялық Ришарно Коленмен шеберлік байқасады, деп жазды ҚазАқпарат.

Бүгін 1/8 финалға шыққан Сағындық Тоғайбайдың қарсыласы - өзбекстандық Шохжахон Абдуллаев.