Бишімбаев екі айға қамауға алынды

Бишімбаев екі айға қамауға алынды
almaty-akshamy.kz
Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты таратқан мәліметке сәйкес бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.
"2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.