11 жасар қазақстандық «Әлем трофейіне» ие болды

11 жасар қазақстандық «Әлем трофейіне» ие болды
24 kz

Баянда ойнайтын қазақстандық 11 жастағы  Радмир Хайбуллин. Францияда өткен «Әлем трофейі» байқауында  бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дүниежүзілік баяншылар мен аккордеоншылар конфедерациясы байқауды  1951 жылдан бері ұйымдастырып келе жатыр. Радмир бұл сайысқа қашықтан қатысу оңайға түспегенін айтады.

Ұстазы Руслан Тұраев осыдан 6 жыл бұрын Семейде қызмет етіп жүргенде балақайды қабылдап алған еді. Кейін қызмет бабымен Астанаға ауысқан соң, Радмирдің ата-анасы баланың болашағы үшін бас шаһарға көшуге шешім қабылдады. Бүгінде жас дарын тәлімгері сабақ беретін Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы музыкалық мектепте оқып жатыр.

- Менің атам бірнеше музыка аспабында ойнайтын. Бірақ көбіне сырнай тартқанды жақсы көретін. Сол себепті ата-анам мені сырнай класына жаздырмақ болды. Бірақ Семейдегі музыкалық мектепте сырнай класы болмады. Сосын Руслан Александрұлы мен үшін әдейі сырнай сабағын алып, өзі меңгеріп, кейін мені үйрете бастады. Ал Астанаға көшкен соң баянға ауыстым, - дейді Радмир Хайбуллин