Бiреуге – ишарат, бiреуге – балағат…

Өзге ұлт өкiлдерiмен қарымқатынаста тағы бiр сақ болатын нәрсе – сүйiсiп амандасу мәселесi. Солтүстiк халықтарында мұндай әдет өте сирек кездеседi, онда да бiрбiрiн ұзақ көрмеген туыстар, оның iшiнде көбiнесе әйел мен еркек арасында көрiнiс табады. Ал Латын Америкасы, Оңтүстiк Еуропа, Азия елдерiнде жұрт жолыққан сайын сүйiсуге әзiр тұрады. Және бiр есте ұстайтын жәйт: арабтарда еркектер тек еркектермен, әйелдер тек әйелдермен ғана сүйiсiп амандасады. Көпшiлiк орындарда ер адамның әйелдi немесе, керiсiнше, әйел затының еркектi сүюi мұсылман әлемiнде шектен шыққан әдепсiздiк боп есептеледi, кей елдерде тiптi қыз баланың қолынан сүюге де тыйым салынған. Басқа саусақтарды бүге тұрып, тек сұқ саусақ пен шынашақты ғана көрсету әлемнiң көптеген елдерiнде бейәдеп әрекет саналатыны мәлiм. Испания мен Латын Америкасы елдерiнде бес саусақтың да басын түйiстiрiп көрсету – соған барабар балағаттау боп есептеледi екен. Ал Египетте бұл ишарат бар болғаны «күте тұрыңыз» дегендi бiлдiредi. Ендi көз алдыңызға елестетiп көрiңiз: Каирдың шулы көшелерiнiң бiрiнде испандық турист таксист шақырады, ал ол саусақтарының басын түйiстiрiп, өзiнше «күте тұрыңыз» дейдi! Испандық үшiн мұның нағыз балағаттау екенiн айттық. Яғни, ойда жоқта қып-қызыл төбелес шығып кетуi әбден мүмкiн. Санау да әр жақта әрқалай. Көптеген елдерде санау бас бармақтан басталса, Үндiстан мен Жапонияда, керiсiнше, шынашақтан бастап санайды. Егер сiз Дубайда немесе Мединеде сатушыға «үш газет берiңiз» деп ымдап, үш саусағыңызды – «бас бармақ, балаң үйрек және ортан теректi» көрсетсеңiз, онда ол сiзге екi-ақ газет бередi, өйткенi, араб елдерiнде санау кезiнде бас бармақ есепке мүлде кiрмейдi…

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *