Биылдан бастап мобильді аударымдар тексеріле бастайды

Биылдан бастап мобильді аударымдар тексеріле бастайды
Almaty-akshamy.kz

Биылдан бастап елімізде кәсіпкерлік белсенділік белгілері бар мобильді аударымдар тексеріле бастайды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдемесінше, Қазақстанда азаматтардың алған мобильді аударымдарын кезең-кезеңімен тексеру басталды. Оған кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс белгілері бар операциялар ғана жатады.

Заңға сәйкес, бұған бір жеке тұлғаның қатарынан үш ай ішінде жүз және одан да көп әртүрлі тұлғалардың банк шотынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған ақшалай қаражат алуы жатады.

Мелекеттік кірістер комитеті деректерді банктерден алатын болады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне кәсіпкерлік қызметтен кіріс алу белгілері бар тұлғалар туралы мәліметтерді береді. 

Бұл ретте олар жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) жібереді, оған жоғарыда аталған критерийлерге сәйкес келетін тұлғалар, яғни үш ай қатарынан бірнеше жерден жүз және одан да көп мобильді аударымдар алған азаматтар.ғана жатады