Түркиядағы жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

Түркиядағы жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ
Сурет: Еgemen.kz

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді.

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Астана уақытымен сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Түркиядағы елшіліктің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардан көмек көрсету туралы өтініш түскен жоқ. Қазір консул Түркияның төтенше жағжайлар басқармасымен тікелей байланыста. Жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер тізімінде қазақстандықтар жоқ», - деп мәлімдеді Смадияров.

Айтуынша, дүлей зілзала салдарынан зардап шеккендерді құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салсақ, дүйсенбіге қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысы мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, екі елде қаза тапқандар саны 500-ге жуықтаған. Мыңдаған адам жарақат алды.