Қостанайда мұз болған үйлер құрылысы: Әкімдік оқиғаға түсініктеме берді

Қостанайда мұз болған үйлер құрылысы: Әкімдік оқиғаға түсініктеме берді
Сурет: Express.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қостанайдың "Қонай" шағынауданындағы жаңа салынған, бірақ пайдалануға берілмеген пәтердің суреттері тарап кетті. Онда бөлменің қақ ортасында төбеден еденге дейін мұз қатып тұр. Қостанай әкімдігі осы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

"Қонай" шағынауданындағы 21 орам № 2, 3 үйлерінің құрылысын «Марал Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымы салып жатыр. Қазан айында бұл ұйыммен шарт бұзылды, себебі олар өз міндеттерін орындамады, мемлекеттік сатып алуда жауапсыз қатысушы деп танылды. Жасалған шартқа сәйкес, құрылысты аяқтау үшін жаңа мердігер ұйымды анықтау кезеңінде үйді «Нұр Сақшы» күзет фирмасы күзетіп жатыр. Үйді тексеру кезінде жылу тек жертөледе қосылғаны анықталды. Жылыту жүйесіндегі Маевск кранынан су аққан», - деді әкімдіктен.

Анықталғандай, қалалық құрылыс бөлімі 13 желтоқсанда осы жұмыстарды аяқтайды.

«Осы оқиға туралы уақтылы хабарламаған күзет ұйымына тиісті хат жолданды. Қазіргі уақытта аталған үйлердің құрылысы бойынша жұмыстарды аяқтауға мемлекеттік сатып алу жарияланды, мердігер ұйым анықталғаннан кейін тұрғындарды қоныстандырғанға дейінгі барлық ақаулар жойылады», - деп атап өтті қалалық әкімдікте.
Үй әлі қабылданбаған және пайдалануға берілмеген. Тұрғындар әзірге жоқ.