Биыл Наурызбай ауданында 4 мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Наурызбай ауданында 4 мектеп пайдалануға беріледі
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Наурызбай ауданында оқушы орынының тапшылығын төмендету үшін (тапшылық – 3626 орын) 2023 жылы «Жайлы мектебі» ұлттық жобасы шеңберінде 7900 орындық 5 жаңа мектептің және Шұғыла шағын ауданында №174 мектепке 375 орындық қосымша ғимарат құрылысы басталды.

Биыл қыркүйек айында «Әлем сити» ТК аумағында 1200 орындық мектеп ашылады. Сондай-ақ, биылғы жылдың соңына дейін 6700 орындық қалған 4 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беріледі.