«Халық қатысатын бюджет» бағдарлама аясында 42 жоба іске асады

«Халық қатысатын бюджет» бағдарлама аясында 42 жоба іске асады
Сурет: Kaztag.kz

18 жоба биылғы қараша айында аяқталады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша Алатау ауданына бөлінген қаражат 2022 жылы 1,3 млрд-тан 1,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz.

Бұл бағдарлама бойынша 42 жобаны іске асыруға мүмкіндік берілді, оның ішінде 24 жоба аяқталды, 18 жоба биылғы қараша айында аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен кездесу барысында айтты.

24 жобаның барлығында балалар және workout алаңдары қарастырылған. Сондай-ақ, осы жобалар шеңберінде 12 футбол, 7 баскетбол, 6 волейбол алаңы салынды. 

Іске асып жатқан 18 жоба бойынша 6 сквер ағымдағы жөндеуден өтуде, жоғарыда айтылғандай, 12 жоба балалар, спорт және workout алаңдарын салуға бағытталатын болады.