Мәскеудегі жарыста Қазақстан танкистері үшінші орын алды

Мәскеудегі жарыста Қазақстан танкистері үшінші орын алды Cурет: Gov.kz

Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» конкурсы аяқталды.


Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында Армия халықаралық ойындарының «Танк биатлоны» конкурсы аяқталды. Ел әскерінің намысын қорғаған команда үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтық жарыс айналымына Әзербайжанның, Қазақстанның, Қытай мен Ресейдің танк экипаждары шықты. Қазақстандық танкистер барлық атыс шебін дәл көздеп, оқ атудан шеберліктерін көрсетті. Үш атыс шебінен басқа жаңбыр суынан лайланған трассадағы он бір кедергі сайысты қиындатты. Айналым барысына ресейлік танкистер бірден алға озып шықты, олардың соңынан сәл айырмашылықпен Қытай танк экипаждары жетті. Жүлделі орын үшін тартыс Қазақстан мен Әзербайжан арасында өрбіді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет