Биыл киіктердің үш популяциядағы саны көбейген

Биыл киіктердің үш популяциядағы саны көбейген
Сурет: Elorda.info

Қазақстандағы киік саны 1,9 млн. асты

Экология министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылғы әуе санағы деректеріне сәйкес киіктердің үш популяциядағы саны биыл 597 мың басқа артты, яғни 45,3% -ға. Олардың ішіндегі ең көбі - Орал популяциясының саны 1,13 млн-ға жеткен, Бетпақдала – 745 300, Үстірт - 39 700.

Естеріңізге сала кетейік, киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілді. Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған.