Биыл Алатау ауданында айналма жолдың құрылысы басталады

Биыл Алатау ауданында айналма жолдың құрылысы басталады
Сурет: Semeytany.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде белгілі болды.

Әкіммен өткен кездесуде аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерін айта келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сіздерден 57, 33, 25 автобустарының жолын тағы 2 аялдамаға ұзартуды сұраймыз», - деді аудан тұрғыны.

«Бізде 9-12 метрлік автобустар болғандықтан, олардың жолын созуға мүмкіндік жоқ. Себебі көшелер тар, қоғамдық көлік кіріп шыға алмайды. Қазір бұл жаққа шағын автобустарды жүргізу мәселесі қаралып жатыр. Ал аудан белсенділерінің өздері таңдаған аумақта айналама жол салынады. Құрылысты биыл бастаймыз. Айналма жол салынып болған соң, сіздерге 700-800 метрдей жақындықта 2 маршрут кіреді», -  деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.