Биыл 3 мың азамат әскерге шақырылады

Биыл 3 мың азамат әскерге шақырылады
Сурет: Gov.kz

Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке міндеттілерді әскери дайындыққа шақыру туралы» құжат дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығына жүктелген. Ал құжат 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық» порталына орналастырылды.