Берлинде жұрт қоғамдық көлікпен қатынауды жөн көруде

Берлинде жұрт қоғамдық көлікпен қатынауды жөн көруде
Сурет: Fb.ru

Тиімді қатынас!

Германия астанасында автобустар, метро мен электр пойыздарымен жүру бір күнге тегін болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Тәжірибе аясында Берлин тұрғындарына көліктерінен бас тарту ұсынылды.

Мұндай іс-шара алғаш рет 1973 жылы мұнайға байланысты дағдарыс кезінде өткен еді. Ал қазіргі бастама климатты қорғауға арналған. Оған қатысуға жергілікті тұрғындарға да, туристерге де мүмкіндік берілді.

Бірақ Берлиндегі транспорт компаниясының тегін науқанның салдарынан 500 мыңнан 700 мыңға дейін шығынға ұшыраған болармыз деп қынжылып отыр. Дегенмен, бұл шығынның орнын мемлекет өтеп береді.

Есесіне көліксіз күннің арқасында 35 көшеде тек ғана жаяу адамдар жүрген.