Алматыда балмұздақ зауытының 6 жұмысшысы уланып қалды

Алматыда балмұздақ зауытының 6 жұмысшысы уланып қалды
Сурет: Egemen.kz

Алматыда балмұздақ шығаратын зауытта алты жұмысшы аммиактан уланған.

Алматыда балмұздақ шығаратын зауыттың алты жұмысшысы аммиактан уланған. Алдын ала қорытынды бойынша, мұздатқыш баллонның артқы жағындағы резеңке тығыздағыштың зауыттық ақауы салдарынан 500 грамм зиянды зат ағып кеткен. Ауысым кезінде өндірілген өнімдер сатылымнан алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Уланған қызметкерлер дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 26, 46 және 38 жастағы үш науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр.

«Науқастың біреуі жағдайы тұрақты болуына байланысты стационарлық емнен бас тартты. Төрт науқастың үшеуі қазір жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр», - деді Алматы қаласы жедел көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі Бауыржан Омаров.