Беларусь Республикасында сотталған екі отандасымыз елге экстрадицияланды

Беларусь Республикасында сотталған екі отандасымыз елге экстрадицияланды
Сурет: Ulysmedia.kz

Олар енді жазасын Қазақстанда өтейді.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабаралады. Отандастырымыздың бірі аса ірі мөлшерде пара бергені үшін 5 жылға, екіншісі құжаттарды ұрлау, тонау деректерімен 7 жыл 6 айға сотталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен сотталғандарды Қазақстанға жеткізді. Қазір олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.