Бекзад Нұрдәулетовтің алдағы жекпе-жегі өтетін күн белгіленді

Бекзад Нұрдәулетовтің алдағы жекпе-жегі өтетін күн белгіленді
Cурет: Inform.kz

Бекзад Нұрдәулетов бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін 11 маусымда Ақтау қаласында өткізді

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) алдағы жекпе-жегі өтетін күнді белгіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Adal Promotions промоутерлік компаниясының ақпараты бойынша боксшы Польшаның Люблине қаласында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - грузиялық Яго Кизирия (6-8, 4 КО). Жекпе-жек рейтингтік бағытта өткізіледі.

Бекзад Нұрдәулетов бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін 11 маусымда Ақтау қаласында өткізді. Онда төрешілердің бірауыздан Бекзад қазақстандық Михаил Коханчиктен (4-1, 4 КО) басым түсті деп тапты.

Бекзад Нұрдәулетов әуесқой бокста 2019 жылы әлем чемпионы атанды.

Ал Яго Кизирияға келетін болсақ, ол 5 тамызда Польшаның Мрагово қаласында төрешілер шешімімен жергілікті Павел Штепенге (18-0-1, 12 КО) жеңілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Альвареспен үшінші айқастан кейін Головкин әлемдік рейтингіде жоғарылады.