27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Еліміздің жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар аймағында дауыл ескерту жарияланды. Бұл мәліметпен "Қазгидромет" РМК бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

27 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Петропавлда күн жауын-шашынды болады деп күтіледі.

Түркістан облысының да басым бөлігінде 27-28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

27 қыркүйекте Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан 16 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжап отыр.

29 қыркүйекте Абай облысында қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, сынап бағаны күрт төмендейді: түнде 0...+5-ге дейін, облыстың солтүстігінде -3°C, күндіз +2...+ 7°C.

28-29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. 29 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Түнде сынап бағаны күрт төмендейді: 0...+5°C-ге дейін, облыстың солтүстігінде, шығысында -5°C, күндіз +2...+ 7°C-ге дейін.

27 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы ықтимал. 

Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Астанада – батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.