Бақытжан Сағынтаев «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсіміне қатысты

Бақытжан Сағынтаев «Тәуелсіздік» монументіне гүл қою рәсіміне қатысты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

«Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен қатар, гүл шоқтарын желтоқсандықтар, партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері, ауған және чернобыль жауынгерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Nur Otan партиясының жастар қанатының өкілдері қойды.