Байғали Есенәлиев, актер, драматург, компазитор:  Өзгерісті қаласақ, өзіміз үн қосуымыз керек

Байғали Есенәлиев, актер, драматург, компазитор:  Өзгерісті қаласақ, өзіміз үн қосуымыз керек
almaty-akshamy.kz

Мен таңертең ертемен сағат 8.00 кезінде №542 сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Мен барған кезде халықтың қарасы сиректеу еді, бірақ өзге ұлт өкілдерінің белсенділігін байқадым. Түске қарай көшеде дауыс беруге ағылып бара жатқан халықты көріп қуанып қалдым. Бүкіл ел болып Ата Заңымызға өзгерістердің енгізілуін бір ауыздан құптауымыз керек. Күллі әлем, замана өзгеріске бет бұрған кезде біздің мемлекет те, халқымыз да өзгеріске үн қатқанымыз жөн. Осы уақытқа дейін бізден ешкім қандай өзгеріс керек, болашаққа деген бағдарымыз қандай болу керек деп сұраған жоқ, кеңескен емес,  билік басындағылар өз білгенін жасады. Енді  міне, еліміздің болашағын халық болып бірге құратын уақыт келді. Осындайда әркім немқұрайлылық танытпай, жауапкершілікті сезінуі тиіс деп есептеймін. «Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажет пе?» деген сауалға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру үшін уақытты қиып, әркім өз азаматтық борышын неге орындамасқа. Еріншектік, немқұрайлылық бізді құрдымға кетіреді. Өйткені бұл біздің өміріміз, тағдырымыз, болашағымыз!