Балаларына алимент төлеуден жалтарған сот орындаушы сотталды

Балаларына алимент төлеуден жалтарған сот орындаушы сотталды
Сурет: Ашық дереккөз

Биыл алимент төлемеген 10 борышкер сотталды

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері бойынша соты сот орындаушыға 1 жылға бас бостандығын шектеу үкімін кесті. Бұл жөнінде Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласының прокуратурасы сот орындаушы алимент төлемегенін анықтады.

"Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері бойынша соты сот орындаушы 1 жылға бас бостандығын шектеуге соттады", - деді Астана қаласы прокурорының орынбасары Б. Мизанбаев.

Қадағалаушы орган өкілі таратқан мәлімет бойынша, биыл балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 10 борышкер сотталды.