Балалар лагерлерін тексеру нәтиже бере бастады

Балалар лагерлерін тексеру нәтиже бере бастады
Сурет: Zakon.kz

Бұл саладағы заңсыздықтар анықтала бастады.

Яғни прокурорлар бастаған тексеру жұмыстары нәтиже бере бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz-тің мәліметінше, Алматы облысындағы 22 балалар лагерінің сегізі өз қызметін құзырлы органдардың рұқсатынсыз жүзеге асырған. Демалыс орындары санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай емес. Ескі жатын орындары күрделі жөндеуді қажет етеді. Төрт адамға арналған бөлмелерде сегіз немесе одан көп бала жатқан.

Қапшағай су қоймасында балалардың суға түсуі кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмаған. Прокуратура өкілдері балалар лагерьлеріндегі заң бұзушылықтарға байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады.