АҚШ ғалымдары коронавирустың түрлі нұсқаларына қарсы тұра алатын антидене тапты

АҚШ ғалымдары коронавирустың түрлі нұсқаларына қарсы тұра алатын антидене тапты
Сурет: Іnterfax.ru

Ғалымдар бұл антиденені тышқанның денесіне енгізіп, тәжірибелік сынақ жасап көрген.

Дьюк университетінің және Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары әр түрлі коронавирустар, соның ішінде COVID-19 тудыратын инфекциялардың ауырлығын шектейтін антиденені тауып, сынақтан өткізді, хабарлайды Almaty-akshamy.kz INTERFAX.RU сайтына сілтеме жасап.

«Бұл антидененің қауқары қазіргі эпидемияны емдеуге жетеді, бірақ алдағы уақытта басқа коронавирус түрлері жануарлардан адамға жұққан жағдайда немесе індеттері жаңа түрі пайда болса да жарамды болуы мүмкін», - деді зерттеудің авторларының бірі,  дәрігер Бартон Хейнс.

Ғалымдар 2000 –ші жылдардың басында өкпені қабындырған SARS-CoV-1 вирусын жұқтырған науқастың және COVID-19-ға шалдыққан науқастың қанын талдау арқылы антиденені бөліп алды.

Екі адамнан алынған 1700 антидененің ішінен зерттеушілер SARS-CoV-1 вирусымен де, COVID-19 тудыратын SARS-CoV-2мен де байланысу мүмкіндігіне ие болатын 50 антиденені анықтаған.

Бұдан кейінгі талдау осы айқаспалы антиденелердің бірінің ерекше күшті екенін көрсетті - ол адамдарға жұқтыратын екі патогенге қоса жануарлардың әр түрлі коронавирустарымен байланысуы мүмкін.

«Бұл антидене коронавируспен көптеген мутацияланған және түрленген кейіпте сақталатын жерде байланысады және соның арқасында ол коронавирустардың көптеген түрін төтеп бере алады», - деді Хейнс.

Антиденені бөліп алғаннан кейін зерттеушілер оның инфекцияларды тиімді түрде тоқтататынын немесе азайтатынын білу үшін тышқандарға тәжірибе жасап, сынап көрді.

Сынақтың нәтижесі антидененің инфекцияларды тоқтататынын және азайтатынын көрсетті. Инфекция алдында енгізілген кезде антидене тышқандарды COVID-19-дың көптеген түрлерінен, соның ішінде дельтадан және адамдарда пандемия тудыруы мүмкін жануарлардың көптеген вирустарынан қорғай алды.

Инфекция енгізілгеннен кейінгі кезде антидене басқа емделмеген жануарлармен салыстырғанда, бұл тышқандардың өкпесіндегі аурудың белгілерін азайтқан.