АҚШ мемдепартаменті Ауғанстаннан қанша адам эвакуацияланғанын айтты

АҚШ мемдепартаменті Ауғанстаннан қанша адам эвакуацияланғанын айтты
Cурет: Baq.kz

Ауғанстаннан 120 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Венди Шерман мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің одақтастар мен серіктестер Ауғанстаннан 120 мыңнан астам американдықтарды, шетелдік азаматтарды және ауғандықтарды тасымалдауды ұйымдастыруға көмектесті, – деп жазды Шерман өзінің Twitter -дегі парақшасында.

Бұған дейін Мемлекеттік департамент Америка Құрама Штаттары «Талибан» радикалды қозғалысымен (Қазақстанда тыйым салынған) бірқатар мәселелер бойынша ынтымақтастықта болғанын, бұл өзара әрекеттестікті жалғастыруға болатынын хабарлаған.