Азия ойындарында Париж Олимпиадасының екінші лицензиясы қоржынға түсті

Азия ойындарында Париж Олимпиадасының екінші лицензиясы қоржынға түсті
kazsports.kz

Санаулы сәттер бұрын Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бессайыстан сынға түскен Георгий Борода-Дудочкин Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама атлеті финалда 10-орынға тұрақтады. Ереже бойынша үздік бестікке кірген мемлекет жолдамаға иелік етеді. Георгий 10-шы болғанымен ол Жапония, Оңтүстік Корея мен Қытайдың бірнеше спортшысына есе жіберді. Бұл елден тек бір ғана адам лицензия алды. Тағы Қазақстан мен Таиланд атлетіне бір-бір жолдама берілді.

Қалған қазақстандық спортшылардың нәтижесі: Кирилл Стадник 13-орын, Павел Ляшенко 16-орын, Темірлан Абдраимов 17-орын. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 4-сатыда.