Азаматтар сенімге селкеу түсірмес

Азаматтар сенімге селкеу түсірмес
almaty-akshamy.kz

Таңнан бері халық сайлауға аса белсенділік танытып жатыр. Алматылықтардың көңіл-күйі көтеріңкі. Барлығы да өз таңдауларын жасауға асығуда, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бірнеше сайлау учаскелерін аралап, сайлау барысымен таныстық. Дауыс беретін орындар аса ыждахаттылықпен дайындалған. Барлығы да талапқа сай. Ал таңдау жасауға келген халықтың қарасы басым. Барлығы да болашақ үшін өз таңдауларын жасауда. Баршасы сайлаудың әділ өтіп жатқанына дән разы. 

«Халық арасында жүргендіктен, биылғы сайлауға азаматтардың жаппай атсалысқанын айтпау мүмкін емес. Елдік шара жоғары деңгейде өтуде. Ешбір заң немесе тәртіп бұзушылық көрген жоқпын. Сайлау науқаны өте жақсы ұйымдастырылған. Бұл – ең бірінші, халықтың болашаққа деген сенімі мен үміті. Сайлауға қатысқан барлық кандидатқа мүмкіндік пен еркіндік берілді. Сол кандидаттардың бағдарламасы көңілімнен шыққандарына дауыс беру мақсатында өз таңдауымды жасау үшін келдім. Айтылған сөз – атылған оқ. Ендігі сайланатын азаматтардан халық зор үміт күтеді. Айтқан уәделерінде тұрып, олар сенімге селкеу түсірмейді деген сенімдемін», - дейді №123 Қожа Ахмет Яссауи атындағы мектептің мұғалімі Бекбосынова Айгүл Қасымханқызы.