Белсенділік - болашақ кепілі

Белсенділік - болашақ кепілі
almaty-akshamy.kz

Сайлауға халық өте белсенді қатысуда. Таңертеңнен өздерінің сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда. Біз сондай таңдаушының бірі - қала тұрғының пікірін біліп едік.

 -Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше өтуде. Сол үшін учаскеге ерте келіп, дауыс бердім. Себебі халық таңдау жасап, болашағымызды жасауымыз керек. Мұны науқандық бастама ретінде ғана қарауға болмайды, үлкен жауапкершілік, мыңдаған халықтың сеніміне селкеу түспеуі керек. Әр партия өздері ұсынған үміткердің партияның ғана емес, елдің аманатын арқалайтындығын жіті назарда ұстауын ескеруі керек. Сайланған депутаттар қабілет-қарымының жеткенінше жұмыс жасап, елмен бірге қызмет қылғаны дұрыс. Өзін-өзі ұсынған үміткер де үлкен қадамға аяқ басқандығын, ел басқару аса ықтияттылықты талап ететінін сезіне білу маңызды. Бәріміз де өз таңдауымызды жасап, елдің көсегесін көгертемін деген үміткерге дауыс беріп барамыз,- деді Ғайни Искакова.