Айнабұлақта жаңа екі жастар алаңы ашылды

Айнабұлақта жаңа екі жастар алаңы ашылды
domler.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

2022 жылы ауданды абаттандыру жұмыстары жалғасты. "Айнабұлақ-1, 3" шағынаудандарының скверлері және Гүлдер паркі ағымдағы жөндеуден өтті. Суару жүйелері жөнделді, жаңадан жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған 2 жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды.

Осы наурыз айында "Кемел" шағынауданында жаңа парктің құрылысын бастап, жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз.  

Сондай-ақ III тоқсанда "Көкмайса" шағынауданындағы Есентай өзенін абаттандыруды аяқтаймыз. (10 га, жаңа мердігер ағымдағы жылдың наурыз айында анықталады (ЭжҚОБ).

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2022 жылы ауданда 23 жоба іске асырылды, оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер ашылды. 2023 жылы халықтың өтінімдері бойынша 800 млн теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарланған.