Аяздың беті қайтар емес

Аяздың беті қайтар емес
Сурет: Қ.Қоныспаев

Қазақстанның екі облысында қатты аяз болады.

Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК таратқан мәлімет бойынша, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен республиканың барлық аумағында дерлік жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Республиканың шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады. Еліміздің оңтүстігінде – тұман. Түнде солтүстікте, шығыста, Жетісу, Алматы облыстарының таулы аймақтарында 25-26 градусқа дейін қатты аяз сақталады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -11-13°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -5-7°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -14-16°С, күндіз -2-4°С.