Автосалондар адамды қалай алдайды?

Автосалондар адамды қалай алдайды?
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда тұтынушылар құқығына қатысты жиі орын алатын бұзушылықтар аталды

«Ұлттық тұтынушылар лигасы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Светлана Романовская Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сатушылар тұтынушыларды қалай алдап-арбайтынын айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 
 
Кең таралған құқық бұзушылықтар тізіміне қызмет көрсету, жұмыстарды орындау және мерзімдер туралы шарттың орындалмауы кірді. Мысалы, тапсырыс берілген жиһазды уақытында бермейді немесе жөндеу жұмыстарын аяқтамайды. 

Светлана Романовская өткен жылдың 9 айында еліміздің он өңірінде ЖОО базасында жұмыс істеп тұрған «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» 9 954 сатып алушыға 2 458 379 537 теңгені қайтаруға көмектескенін жеткізді.

Лигаға студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылардан құралған 78 мың адам кіреді. Олар негізінен тұтынушыларға көмек көрсетеді.

«Тұтынушылардың басым көпшілігі ұялы байланыс қызметтеріне, интернеттің сапасына, операторлар азаматтарға тарифтерді өзгертетінін ескертпей, біржақты шешім қабылданатынына және өзгерістер жайында адамдар мүлдем хабарсыздығына, тұтынушыларға қажет емес қызметті күштеп ұсынатынына шағымданады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 24-бабы бойынша, азаматтардың өз еркімен таңдауға мүмкіндігі бар, ешкім оларға қажет емес нәрсені таңуға құқылы емес», - дейді Светлана Романовская.

«Ұлттық тұтынушылар лигасында» сатып алушыларға техникалық сипаттағы қызметтерді ұсынған кезде автомобильдерді сатуға қатысты мәселелер көтеріледі. Яғни, егер сатып алынған көліктің иесі осы автосалонда майды тексермесе және ауыстырмаса, онда оған бұл көлікке кепілдік берілмейді. Бұл шын мәнінде адамды жаңылыстыру.

«Көптеген адамдар білмейді. Мәселен, егер де тапсырыс берілген жиһазды уақтылы жеткізбеген болса, онда жеткізу мерзімі аяқталған кезден бастап тұтынушы төлеген құннан кешіктірілген әр күн үшін 1% өсімпұл алуға құқылы. Егер бір жыл бойы осы жиһазды жеткізбесе, онда сатушы 300% - дан астам өсімпұл төлеуі керек және бұл оны келісілген кездегі оның сапасы мен жауапкершілігінен босатпайды», - дейді Романовская.

Өзіңізді жосықсыз сатушылардан қорғау үшін келісімшартты дұрыс жасау өте маңызды. Мысалы, онда өнім жасалатын материалдың артикулын жазып, интернеттегі пікірлерді зерттеу керек.