Автомобильді бастапқы тіркеу алымы төмендей ме?

Автомобильді бастапқы тіркеу алымы төмендей ме?
Сурет: ашық дереккөз

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының автомобильді бастапқы тіркеу алымын төмендетуге қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бастапқы тіркеу алымын алу ескі және экологияға сай келмейтін автомобильдерді шеттен әкелуді реттеу үшін тиімді тетік саналады. Мұнан бөлек, Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында (меншікті автомобиль өндірісі бар ЕАЭО-ға қатысушы елдер), сондай-ақ Өзбекстан Республикасында бастапқы тіркеу алымы қызметін сараланған утильалым атқарады. Ол қозғалтқыш көлеміне де, көліктің шығарылған жылына да қатысты есептелінеді. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, шығарылғанына 3 жылдан асатын автомобильдерге қатысты бастапқы тіркеу алымын төмендету мақсатқа сай келмейді деп есептейміз», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.