Автобөлшектер өндірісін дамытуға 410 млрд теңге бөлінбек

Автобөлшектер өндірісін дамытуға 410 млрд теңге бөлінбек
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Инвесторлар Қазақстанда автобөлшектер өндірісін дамытуға 410 млрд теңге бөлмек, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Өндірісте жергілікті өнімнің үлесін арттыру тауарды халыққа қолжетімді етеді. Бұл өндірушіге логистикалық шығынын азайтып, дайын өнімнің өзіндік құнына да әсер етеді.

Көліктердің жергілікті үлесін дамыту үшін автомобильдің құрамдас бөліктерінің базасын дамыту керек. Қазір Қазақстанда газ шығару жүйелері, бамперлер, сэндвич-панельдер, полиуретанды төсеніштер мен пластмасса бөлшектер, мультимедиа, отырғыштар, дөңгелектер, шиналар, цилиндрлердің қақпақтары, механикалық беріліс қораптары, аккумуляторлар шығару жобалары іске асырылып жатыр, - деді Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев Астанада өткен «Қазақстандағы автобөлшектер базасын дамыту мүмкіндіктері» атты халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, еліміз көлік өндірісінің көлемін 2024 жылы өндірілетін автокөліктердің жалпы көлемін 20%-дан 2027 жылы 50%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтуды көздеп отыр.