Ауылды аңсаған ақын
«Ауылды аңсау» – белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серікжан Қажидің жаңа жинағы. Республикалық талай жыр жарыстарында жүлделі орындарды иеленіп жүрген ақынның бұл жинағында соңғы жылдары жазған жаңа өлеңдерімен бірге, ақынның әдебиет әлеміндегі ұстаздары мен қанаттас әріптестері жайлы толғаныстары топтастырылған. Ақын шығармашылығы жөнінде жазылған қаламдастарының әр жылдары баспасөз беттерінде жарық көрген лебіздері де жинақ ажарын аша түскен.
Кітап «Тоғанай Т» баспасынан Алматы облысы әкімшілігінің «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында басылып шыққан.
Өтеш ӨТЕУЛІҰЛЫ