Ауыл тұрғыны қардан полиция көлігін жасап шығарған

Ауыл тұрғыны қардан полиция көлігін жасап шығарған
Сурет: Elorda.info

Батыс Қазақстан облысы Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаев - қардан мүсін жасаудың шебері.

Ол қардан полиция көлігін жасап шыққан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Ол Instagram-парақшасына қардан жасалған патрульдік көліктің фотосын жүктеп:

«Көлікпен кез келген адам суретке түсе алады», – деп жазған.

Нәдірдің бұл алғашқы жұмысы емес екен, былтыр ол қардан мешіттің макетін тұрғызған.

Сурет: автордың Instagram парақшасынан алынды