Аудандағы қоғамдық көлік мәселесі жақсарып келеді

Аудандағы қоғамдық көлік мәселесі жақсарып келеді
Сурет: 2gis.kz

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында  3 бағыт жаңарды.

Сонымен бірге үш бағыт ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алдыңғы кездесуімізде айтылған сіздердің өтініштеріңіз бен тілектеріңіз негізінде 3 маршрут: «Барлық» базарынан Абай саяжайларына Карьерная көшесі бойынша №31 және №67 және Момышұлы метро станциясын қамти отырып №110 бағыттары ұзартылды», деді Ерболат Досаев Хаықпен кездесуінде.

Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 3 бағыт жаңарды. Автобустар саны №44 маршрут бойынша  12-ден 14-ке дейін, №55 маршрут бойынша 7-ден 10-ға дейін және №137 маршрут бойынша 16-дан 19-ға дейін көбейтілді.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін аудан аумағында Алатау, Әшімов және Строительная көшелерінде 6 аялдама кешені орнатылды. Биылғы қазан айына дейін Карьерная, Тажиев көшелері мен "Қалқаман" шағынауданына қосымша 6 толық аялдама орнатуды жоспарлап отырмыз. Мұндай мүмкіндік жоқ учаскелерде «Аялдама» белгісі бар тиісті жол белгілері орнатылады.