Ауаның ластану проблемасы шешілмек

Ауаның ластану проблемасы шешілмек
Сурет: Іn-dmitrov.ru

Таза ауа ұзақ өмір кепіліндей

Алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанда ауаның жоғары ластануы бар 10 қалада экологиялық мәселелер біртіндеп шешімін табады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап

Бұл туралы «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасын таныстыру барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады. Оның айтуынша, Ұлттық жобаның бірінші бағыты «Таза Қазақстанның» мақсаты - атмосфералық ауаның ластануын азайту.

«Ластанудың жоғары деңгейі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметімен және электр станцияларында көмірді жағумен байланысты екені жасырын емес. Осы проблеманы шешу үшін ауаның жоғары ластануы бар 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіп кәсіпорындарындағы шығарындыларды 20% қысқарту болжанып отыр. Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» шығарындыларды 54% азайту бойынша міндеттемелер алды», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ, «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы жалпы 11 міндеттен, олар бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шарадан тұрады.