Ауа райына байланысты алты өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты алты өңірде ескерту жарияланды
Сурет: almaty-akshamy.kz

Синоптиктер еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 25 ақпанда Шымкент қаласында тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде қарлы боран, жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с.

25-27 ақпанда Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады, қар жауады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, орталықта күндіз солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі, жаңбыр жауады.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысы мен солтүстік-батысы антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі.