«АрселорМиттал Теміртау» -дың жаңа басшысы үндеу жасады

«АрселорМиттал Теміртау» -дың жаңа басшысы үндеу жасады
Сурет: интернеттен

Команданың бірде-бір мүшесінің құқығы шектелмейді.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа басшысы Вадим Басин үндеу жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кеше мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туған-туыстарымен кездескен кезде инвестормен серіктестік тоқтайтынын жариялады. Сонымен қатар, компанияның бүкіл ұжымына хабарланғаны – еңбек жағдайы, жалақы, әлеуметтік кепілдіктер, ештеңе қысқармайды, алынып тасталмайды.

Сол шарттар қалады әрі, әлбетте, оларды жетілдіру істері қарастырылады. Бұл – компанияның жұмысын жалғастыру және әлеуметтік жауапкершілікті сезінуде керекті шарт. Сол себепті ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, команданың бірде-бір мүшесінің құқығы шектелмейді», – деді Вадим Басин.

Жаңа басшының айтуынша, көмір кендерінде ең басты назар қауіпсіздікті күшейтуге бағытталмақ.